19 қаз, 2022 сағат 12:15

Павлодар облысында ер адам әйелін жауыздықпен өлтірген


Павлодар облысының полицейлері әйелді өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"17 қазан күні сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына "М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді" деген хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байлап тастаған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты", - деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев. 

Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталған. Ол кінәсін мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.