Павлодар облысында бүгін сағат 17:45-тегі мәлімет бойынша, тағы бір адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
COVID-19-ды Павлодар қаласында тұратын 13 жастағы қыз бала жұқтырған. Бұл 2006 жылғы қыз бала ЖРВИ диагнозына тексерілді, короновирус инфекциясы бүгін анықталды.
Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Бүгінгі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 адам тіркелген.