Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Ол дене қызуының көтерілуіне байланысты тест тапсырған еді. Тест оң нәтиже көрсетті», - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Онымен байланыста болған адамдар анықталды, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. Облыс әкімдігінің барлық қызметкерлері КВИ сынамаларын тапсырды.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында карантиндiк шаралар күшейтілуі мүмкін екенін айтқан болатынбыз.