17 ақп, 2021 сағат 09:44

Парламент дипломаттарға қойылатын талапты күшейтетін заңды қабылдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша құжатқа Сенат енгізген толықтырулармен келісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Заң жобасын Парламент Мәжілісі 2020 жылғы 30 желтоқсанда мақұлдаған болатын. Биылғы 11 ақпанда өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтін үш өзгеріс енгізілген. Олардың ішінде дипломатиялық қызмет ардагерлерінің қатарына қосылу үшін қажет болатын дипломатиялық қызметтегі жұмыс өтілін 15 жылдан 10 жылға дейін қысқартуды көздейтін түзетулер бар. Келіп түскен өзгерістер бас комитеттің отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігі басшылығының қатысуымен жан-жақты қаралды. Осыған байланысты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», - деді Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман. 

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.