23 қыр, 2020 сағат 17:02

Парижде «Эйфель» мұнарасынан полицейлер бомба іздеп жатыр

Парижде бомба туралы белгісіз біреудің қоңырауынан кейін «Эйфель» мұнарасынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі

«Бүгін таңертең полицияға жасырын қоңырау түскеннен кейін эвакуация жарияланды. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп мәлім еткен ТАСС-қа «Эйфель» мұнарасын пайдалану бойынша компаниядан. Бірақ тексеру қанша уақытқа созылатыны айтылмады. 

ТАСС тілшісі анықтағандай, ескерткіштің айналасын әлі де полиция қоршап тұр. Периметрді қаруланған тәртіп сақшылары күзетуде.