Франция астанасы Париж қаласы бір күннің ішінде автомобильсіз қалаға айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындары мен туристер Елисей алаңында еркін қыдыра алған, себебі бұл күні ел астанасының әдетте автомобильге толы көшелеріндегі қозғалыс тоқтатылды.
Бұл күні Париж тұрғындарына велосипед, қоғамдық көліктерді белсенді пайдалану және ең бастысы – қалада жаяу қыдыру ұсынылды.
Бұл күні полицейлер мен өрт сөндірушілер, жедел жәрдем көліктері, такси және туристік автобустар ғана жолға шыққан.
2015 жылы Париж орталық аймақта автомобильсіз алғашқы күнді өткізді, ал 2017 жылы бұл бастама қала ішіндегі басқа аудандар арасында да таралған. Қала билігі жыл сайынғы шараны көлік құралдарын пайдалануды азайту және ауаның ластануын төмендету мақсатында ұйымдастырады.