Кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңілмей, өзінің тас түйін қорғану әдісімен дүниені өзіне қаратқан Флойд Мейвезер мен кеше ғана мың отбасыға арнап баспана салып берген бокстың тағы бір патшасы Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жек естеріңізде болар. Сол жекпе-жекті бүкіл әлем асыға күтіп жүргенде көбіміз «қазақтан қашан Пакьяо секілді былғары қолғап шебері шығар екен» деп армандап жүрдік. Бірақ біз Серікжан Ешмағамбетов жайында ұмытып кеттік. Ол кім?
2003 жылы әлемді дүр сілкіндірген әлем чемпионы Мэнни Пакьяоны қазақтың қара домалақ баласы Серікжан Ешмағабетов нокдаунға жіберген.
Бұл жекпе-жекте Пакьяо техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 37 жасына дейін спортта жүрген қазақ баласының қол күшін бірге тамашалап көрейік.