Бейсенбіге қараған түні Пәкістанның оңтүстігінде тіркелген жер сілкінісі салдарынан кемінде 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта 15-тен 20 адамға дейін мерт болды. Қаза тапқандардың саны артуы мүмкін», - деп мәлімдеді Agence France-Presse агенттігіне апаттарға қарсы күрес басқармасы.
Агенттік жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен Белуджистан провинциясы билігі өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, құлаған ғимараттың астында бірнеше адам ажал құшқан.
Оның арасында әйел мен алты бала бар.
Бұған дейін Еуропалық-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы Пәкістан аумағында болған 5,7 балдық жер сілкінісі жайлы хабарлаған болатын.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Кветта қаласынан (халқы шамамен 733 мың тұрғын) солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте.