20 там, 2020 сағат 13:45

Пәкістанда толассыз жауған нөсер жаңбыр 17 адамның өмірін қиып кетті

Пәкістандағы Пенджаб провинциясында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 17 адам мерт болды, деп хабарлайды Geo.tv телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, үш үйдің шатыры құлап, 15 адам қаза тапқан, 17 тұрғын зардап шеккен. Сонымен қатар, нөсер салдарынан «Касба-Бхал» көмір шахтасында көшкін жүрген, үш адам опат болып, бес тұрғын жарақат алды. 

Синоптиктердің болжауынша, келесі аптада жаңбыр толассыз жауады. Пенджабтың көптеген ірі қалаларында қозғалыс қиындап, электр энергиясын жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін.