4 қарашада Өзбекстан аумағында соққан желдің әсерінен топырақтың өте құрғақ құнарлы қабаты көтеріліп, кейбір аудандарда көру мүмкіндігі 500-1000 метрге дейін төмендеп, шаң мен құм борады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.
Бораған шаң мөлшері нормадан 5 есеге артқан.
Бұл жағдай Ташкент және Сырдария аумағында байқалған.
Гидрометеорология қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні кешке Ташкентте байқалған қою шаң қатты желдің соғуы салдарынан құрғақ жер үсті қабатының көтерілуінен пайда болған.
4 қарашада Өзбекстан аумағына Оралдан суық ауа ағындары келді. Желдің жылдамдығы 12-15 м/с, ал Бұхара, Науаи, Жызақ облыстарының кей жерлерінде 20-25 м/с дейін күшейді.