26 там, 2024 сағат 18:34

Өзбекстанға күніміз қарап қалмасын — блогер АЭС туралы


Блогер Сәбит Рысбаев Мұхтар Жәкішевтің АЭС салу бойынша пікірін қолдады. Ол кәсіпкердің сөзін тәпсірлеп, АЭС Қазақстанға не үшін қажет екенін түсіндірді.

"Жәкішев те бірде АЭС керек дейді. Бірде керек емес дейді. Мына жерде айтуы бойынша бізде жарық тапшылығы оңтүстікте екен. Солтүстіктен оңтүстікке алып барғанша 50%-ын жоғалтып алады екенбіз. 
Бізде халықтың көп бөлігі Оңтүстікте орналасқан ғой. Әрбір 10 км сайын минимум бір ауыл шығып отырады. Астанадан Жамбыл облысына жеткенше ауылдары саусақпен санайсың. Шымкентте 2 ауданның ортасындағы ауылдар қайда көп. Бұрында сіңірлеу кезде жарық пен газды Өзбекстаннан алатынбыз. Өзағамыз көңіл-күйі болмай, ақшамыз жоқ кезде өшіріп қоятын. Халық өсіп жатыр. Өзбекстанға күніміз қарап қалмасын", - деп жазды Сәбит Рысбаев. 


Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының экс-төрағасы Мұхтар Жәкішев Қазақстанда атом электр стансасын салуға қатысты өз сұхбатында айтқан болатын.

"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев кәсіпкер Арманжан Байтасовтың Baitassov Live YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда атом электр стансасын салудың маңыздылығы туралы пікірін білдірді.

Сұхбаттың басында Мұхтар Жәкішев өзін атом энергетигі емес, ядролық өнеркәсіпші екенін атап өтіп, энергетиканың кейбір қыр-сырларын толық білмейтінін мойындады. Сонымен қатар, оның түрмеде өткізген он жылдан астам уақытында кейбір ақпараттардың өзгеруі мүмкін екенін де атап өтті. Сондықтан ол тек өзіне белгілі ақпаратты ғана бөлісетінін айтты.

Арманжан Байтасов Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы халыққа жолдауында неге Қазақстанда атом электр стансасын салу қажеттігін айтқанын сұрады.

"Әлем СО2 шығарындыларынан туындайтын ғаламдық климаттың өзгеруі алдында тұр. Біз енді планетаның атмосферасын ластайтын энергия көздерін ойланбай пайдалана алмаймыз. Сондықтан Батыс елдері көміртек салығын енгізді. Бұл салық 2023 жылға қарай алюминий, мыс және басқа да табиғи ресурстарға қатысты болады. Қазақстан экономикасы негізінен табиғи ресурстарды, әсіресе көміртекті экспорттауға негізделгендіктен, бұл салық елімізге ауыр зардап әкелуі мүмкін. Біз экспортта айтарлықтай үлкен сомадан айырыламыз. Сондықтан таза энергия көздерін қолданысқа енгізу біз үшін өте маңызды", – деді Мұхтар Жәкішев.