Өзбекстанда VIII ғасырдың соңында жазылған көне Құран кітабы реставрациядан кейін көпшілік назарына ұсынылды. Бұл туралы Өзбекстанның Мәдениеті мен өнерін дамыту қоры Кеңесінің төраға орынбасары Саида Мирзиёева Telegram-да жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, Құран кітабы ұзақ уақыт бойы Өзбекстанның Қашқадария облысы Қамашин ауданындағы Лангар ота мешітінде сақталып келген. Ол VIII ғасырдың соңында жазылған және ислам әлеміндегі ең көне қолжазбалардың бірі болып табылады.
2019 жылы басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары үш кезеңмен жүргізілген. Алдымен, процестің жоспары құрылған. Құранның жай-күйі туралы сипаттама жазылып, фотофиксация жасалған. Қолжазбаның беттері жеке-жеке алынған. Реставрацияның соңғы кезеңінде кітап 15 айға баспақ астына орналастырылған. Кейін арнайы қаптамаға салынды.
Саиды Мирзиёеваның пікірінше, көне кітап енді көптеген ғасыр бойы бүтін адамзаттың рухани байлығы болады.
Өзбекстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимовтың айтуынша, әлемде Катталангар Құранының бір ғана данасы бар. Кітап 206 беттен тұрған болуы мүмкін. Сақталғаны 97 бет қана. Өзбекстанда киелі қолжазбаның 17 беті сақтаулы.