22 мау, 2021 сағат 17:29

Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі


Өзбекстан елге келетіндер үшін коронавирусқа міндетті ПТР-тестілеуді қайта енгізуде. Мұндай шешімді жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметі Өзбекстан Республикасына шекаралық өткізу пункттері арқылы кіретін барлық адамға ПТР-тестілеудің міндетті жүйесін енгізеді. Өзбекстан аумағына кіргеннен кейін жеті күн ішінде ПТР-тест қайта жасалуы керек», – делінген ведомство хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 15 наурыздан бастап Өзбекстанда соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР-тестілеу алынып тасталған еді.

Елде коронавирус тұрақты өсуі байқалғандықтан, карантин шараларын қатаңдату шаралары қабылданды. Тек өткен тәулікте коронавируспен ауыратын 427 науқас анықталды. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда ковид жағдайы расталған 3571 науқас бар.