09 қыр, 2020 сағат 10:43

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсе бастады

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны соңғы күндерде күрт өсе бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасы бүгін жергілікті уақытпен 10:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) 139 адам індет жұқтырғанын растады. Ауырғандардың жалпы саны 44 мың 557-ге жетіп отыр. 

Соның 41 мың 898-і жазылып шыққан. Дәл қазір елде 2 297 адам емделіп жатыр, олардың 402-сі ауыр жағдайда, тағы 226-сы хал үстінде жатыр.

Өзбекстанда кеше күні бойы 443 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Соның 132-сі сағат 10:00-ге дейін тіркелген. Ал 7 қыркүйекте жалпы 312 жағдай тіркелген, соның 112-сі таңғы онға дейін анықталған.