21 мау, 2021 сағат 23:46

Өзбекстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт артты


Өзбекстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары күрт артты. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасына Екінші Зеңгіата мамандандырылған жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Науқастардың бізге қаралуы екі есеге, ал ауруханаға жатқызылғандар саны 1,5 есеге артқанын байқап отырмыз. Бізге келген науқастардың 13% ауыр жағдайда түседі және реанимациялық емдеуді талап етеді. Жансақтау бөлімшелерінің негізгі контингенті – ауруды ауыр өткізетін науқастар, яғни 65 жастан жоғары адамдар», - деп мәлім етті аурухана директоры Дониёр Миразимов.

Бөлімше меңгерушісі Рано Исламованың айтуынша, қазіргі кезде реанимация бөлімшелерінің төсек орындары толық. 

«Жансақтау бөлімшелеріне түскендердің көбіне коронавирусқа қарсы вакцина алуына болар еді, алайда олар белгілі бір себептермен екпе алудан бас тартқан. Бізде бөлімшелерде отбасымен жатқандар бар. Жеті адамнан тұратын отбасы бар. Қазіргі кезде республикамызда індет өршіп тұр. Науқастар саны өте көп. Бөлімшеде 80 төсек орын жабдықталған. Олардың ешбірі бос емес», - деді дәрігер.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елде соңғы аптада аурудың тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда коронавирус жұқтырған 3 571 науқас жатыр.