17 нау, 2020 сағат 11:47

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус елдің тағы екі азаматынан анықталды. Вирус 15 наурыз күні Түркиядан Өзбекстанға келген азаматтың зайыбынан табылды. 

Сондай-ақ, ауруға шалдыққан тағы бір азамат анықталды. 

Осылайша, Өзбекстанда індетке шалдыққандардың жалпы саны 10 адамға жетті. 

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясының белгілері бар бірінші науқас 15 наурызда анықталды. Бұдан кейін Өзбекстанда ауыр дертке шаллдыққандар саны 8-ге дейін көбейген. Вирус бірінші науқастың үш туысынан, сондай-ақ екі баласынан анықталды. Бұдан басқа, 14 және 15 наурыз күндері Ұлыбритания және Түркиядан келген азаматтардың коронавирус жұқтырғаны анықталды.