2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының тұрақты халық саны 33 085 200 адамды құраған. Осылайша, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 428,5 мың адамға немесе 1,3 %-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл деректі Өзбекстан Республикасының статистика бойынша мемлекеттік комитеті келтірді.
Атап айтқанда, қала халқының саны 16 728 200 адамды құраған (50,6 %). Ал, ауыл тұрғындарының саны 16 357 000 адам (49,4 %) болған.
Құжатта көрсетілгендей, халық тығыз орналасқан өңір - Самарқан облысы - 3 777 800 адам (республика халқының 11,4 %), одан кейін Ферғана облысы - 3 665 600 адам (11,1 %).