07 қаз, 2020 сағат 12:55

Өзбекстанда COVID-19 науқастарын емдейтін клиникада оттегі баллоны жарылды

7 қазан күні сағат 08:13-те Сырдария облысының Гүлстан қаласындағы «Алпомиш» спорт кешенінде оттегі баллоны жарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Оқыс оқиға болған спорт кешені қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін уақытша клиника ретінде жасақталған. 

Оттегі баллонының жарылуы салдарынан ғимараттың терезелері сынып, бір азамат жарақат алды. Қаза тапқандар жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен басқа да тиісті органдар дереу оқиға орнына келіп, азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді. Жағдай толық бақылауда», - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында.