08 мау, 2020 сағат 07:03

Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекордтық көрсеткіш тіркелді

7 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтыруға қатысты рекордтық көрсеткіш тіркеліп, бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат анықталды, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалығы бойынша Өзбекстанда 237 кісі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен.

«Жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар», делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шықты. Олардың жалпы саны 3 354-ке жетті. Ал бүгінге дейін елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.