18 нау, 2020 сағат 06:14

Өзбекстанда 2 мыңнан астам адам карантинде жатыр

Өзбекстанның бас санитар дәрігері карантинде жатқан азаматтардың санын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстанның бас санитар дәрігері Бахром Алматов республикалық телеарнаның тікелей эфирінде осы уақытқа дейін 8 мыңға жуық адам карантинге жатқызылғанын жеткізді. Бүгінгі таңда соның ішінде 5700 адам үйіне шығарылған. 2100 адам әлі карантинде жатыр. 

Еске сала кетейік, Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған.