19 қаз, 2020 сағат 15:01

Ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбіде жұмыс істейтін болады

Қазақстанда сауда, ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбі күндері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен коронавируске қатысты тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады. 

Атап айтқанда, 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.