#
#
Жексенбі 09/08/2020

Өткен қателіктерді қайталамауымыз керек – Алтай Көлгінов карантин туралы

  • 07.07.2020
  • 0
  • 274

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «карантин ұзартылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантиннің ұзартылуы немесе аяқталуы әрқайсысымызға тікелей байланысты. Бұған дейін де ТЖ жариялап, карантин енгізіп, қатаң шараларды сақтадық. Бұл белгілі бір деңгейде көмектесті. Алайда 11 мамырдан кейін карантин шаралары жеңілдегенде тұрғындар қауіпсіздік шараларын ұмытты. Науқастар саны артты. Енді бұл қателікті қайталамауымыз керек. Өздеріңіз байқағандай, карантиндік режим дұрыс тәсіл болды, дәрігерлер мен мемлекеттік бюджетке жүктеме түскен жоқ. ТЖ кезінде тұрғындар режимді сақтап, үйде жұмыссыз отырды. Енді біз екі апталық карантин енгізуге мәжбүрміз», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, әкім дәмхана-мейрамханалардың жазғы бөлігінде жұмыс істеуге рұқсат берілгенін, үлкен қалада сұраныстың көп екенін еске салды. 

«Екі апта өтеді де кетеді. Әрине, кей азаматтарға күтуге тура келеді. Егер сағат сайын шараларды ұстанбасақ, әрине, карантинді ұзарту керек болады. Бірақ, біз оны қаламаймыз. Карантин ұзартылмауы үшін өткен қателіктерді ескеріп, оларды қайталамауымыз керек. Осыған барлығын шақырамыз», - деді Алтай Көлгінов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар