Bloomberg агенттігі "ең бай азаматтар өздерінің үкіметтерін қаншалықты ұзақ мерзім қаржыландыра алады?" деген сауалға жауап іздеді. Жаңа көрсеткіш «Робин Гуд индексі» аталады, - деп жазады «Новая газета»-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылым ақпаратына сәйкес, осы атаққа сай келетін ең табысты адам ретінде Кипрдің мұнай магнаты Джон Фредриксен танылды. Оның байлығы жылына 10 миллиард долларға бағаланып отыр. Үлкен табыстарды, елдегі кішкене халықты және шағын салықтарды ескере отырып, миллиардер бюджеттің 441 күндік шығындарын жаба алуы мүмкін.
Ал ең бай қазақ Болат Өтемұратовтың дәулеті мемлекетті 33 күн бойы қолдау үшін жеткілікті.
Блумбергтің айтуынша, Өтемұратовтың байлығы 3,3 миллиард долларды құрайды, ал Қазақстан үкіметінің бір күндік шығын құны - 101,2 миллион доллар көлемінде.
Қытай үкіметі ең көп шығындарға ие. ҚХР-дың ең бай тұрғыны Джек Маның (Alibaba-ның негізін қалаушы) байлығы төрт күнге ғана жеткілікті.
Ресейдегі ең бай «Северсталь» ЖАҚ-ның басшысы Алексей Мордашов болды. Оның табысы бойынша Ресей үкіметі екі апта бойы жұмыс істей алады.
«Робин Худ индексін» ХВҚ-ның елдердің үкіметтік шығыстары мен миллиардерлердің меншікті индексі туралы деректерінің негізінде Bloomberg құрастырды. Зерттеу экспериментіндегі қаржылық талдауға 49 ел қатысты.