06 мам, 2021 сағат 12:13

Отандық ғалым ауызашарда қандай тамақ ішу керектігін айтты


Тағамтанушы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманов ораза ұстаған жандарға сәресі мен ауызашуға пайдасы мол тамақ рационын ұсынды, деп хабарлайды Qadam.asia

Академиктің айтуынша, ауызашардың тағамын екі бөліп қарастырған дұрыс.

"Алдымен, 1 шай кесе су және құрмамен ауыз ашып, сосын 1 кесе сорпа ішіп, салат жеген жөн. Бір сағаттан кейін бұқтырылған майсыз ақуызды жеуге болады. Оған ет, тауық еті, балық, жұмыртқа, үрмебұршақ жатады. Сонымен бірге тұтас дәмді жармадан жасалған гарнир, салат, сүт немесе жеміс-жидек десертін тұтынуға болады", - дейді тағамтанушы.

Сонымен қатар Төрегелді Шарманов сәресіге келесідей тамақ рационын ұсынды.

  • 1-2 пісірілген жұмыртқа
  • 30 грамм тұздалмаған ірімшік
  • зәйтүн майы қосылған көкөністер
  • 3-4 дана грек немесе 6-8 дана бадам жаңғағы  
  • 2 кептірілген өрім
  • 1 шай кесе айран
  • тұтас дәнді нанның 1-2 тілімі

"Ауыз бекітерде ағзадағы су мөлшерін ескерген дұрыс. Себебі күн ыстықта көп терлесеңіз, термен бірге ағзадағы микроэлементтер шығып кетуі ықтимал. Ал оны сумен толтырасыз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Суға айран мен сүт те жатады", — дейді академик.