Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізген қазақстандық ММА-спортшы Нұрсұлтан Итанов өзбек спортшысы Амаль Хасановты алғашқы раундтың 34-секундында ауырту әдісімен жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұған дейін жазғанымыздай, салмақ өлшеу рәсімінде Амаль Хасанов спортшымызды көкірегінен итеріп, кемсітуге тырысқан болатын. Бір бармағын ішіне бүккен Нұрсұлтан Итанов өзбектің сол бір әрекетінің жазасын шаршы алаңда берді.