#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары анықталды

  • 20.01.2020
  • 0
  • 674

Өскеменде Абайдың 175 жылдығы аясында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ел чемпионатына биыл 260 спортшы қатысты. Екінші жарыс күнінің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов марапаттады.

«Чемпионатта республикалық деңгейдегі екі жаңа рекорд орнатылды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының спортшысы Давид Ефремов 60 м қашықтықты кедергілер арқылы 7.64 сек уақытта жүгіріп, 13-15 наурызда Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қостанайлық спортшы Татьяна Нерознак 3 000 қашықтықты 9:16,80 сек уақытта жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартты», - деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Қарағанды облысының спортшылары иеленсе, ШҚО атлеттері ІІ орынға ие болды. Ал Қостанай облысынан келген қатысушылар ІІІ орынға аяқ тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр деңгейлі халықаралық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғамақ. Соның ішінде 12-13 ақпанда өтетін Азия Чемпионатына қатысу да жоспарланған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар