Орман өрті салдарынан Грекияның әйгілі Эвбея аралынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
Эвбея аралындағы туристері мен тұрғындар паромдармен материкке қарай шығарылды. Аралда үйлер өртеніп, электр желілері бұзылған.
Қазіргі кезде бүкіл Грекия бойынша бірнеше орман өрті өршіп тұр. Оларды сөндіру операцияларына демалыс күндері жүздеген өрт сөндіруші, әскери қызметкерлер, сондай-ақ 17 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған.
«Қазіргі кезде бізде өрттің екі ошағы бар, олардың бірі елдің солтүстігінде, тағы бірі – оңтүстікте. Өкініштісі, өрт түнгі уақытта өршіп тұр», - деді Грекияның Азаматтарды қорғау жөніндегі министрінің орынбасары Никос Хардалиос.
Бұған дейін орман өртіне байланысты Афины қаласындағы жағдай жақсарды. Алайда жалынның құрғақ желден қайта күш алу қаупі бар екені ескертілуде. Өткен аптада орман өрті Афины қаласына жақындап, көшелер көзді ашытатын түтінге оранған еді.