05 жел, 2020 сағат 14:46

«Орел и Решка» Маңғыстау өңірінде: Шығарылымды қайдан көруге болады?

«Орел и Решка» белгілі телевизиялық бағдарламасының Instagram-парақшасында Маңғыстау өңірі туралы шығарылымның анонсы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Орел и Решка» бағдарламасының қатысушылары Маңғыстау облысына саяхаттаған болатын. Видеоанонста жүргізушілердің Каспий теңізі, «Бозжыра» шатқалы мен Көгезге барғандарын аңғаруға болады. 

Бағдарлама шығарылымын: 

- 5 желтоқсанда Украинаның «Новый Канал» телеарнасынан; 

- 7 желтоқсанда «Пятница» телеарнасынан; 

- 8 желтоқсанда бағдарламаның YouTube-арнасынан тамашалауға болады.