«Орел и решка» саяхат туралы танымал телебағдарламада Алматы облысы туралы сюжет көрсетіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жаңалықты Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.
Шығарылымның анонсы әлеуметтік желіде таралды. Алайда қашан эфирге шығары белгісіз.
«Барлық келісімге қол жеткіздік. Рұқсат алдық. «Орел и решка« түсірілім тобы тағы Қазақстанға келді. Бұл жолы камера обьективтерінде Алматы облысы болмақ. Олар ары қарай қайда барады, тауып көріңіздер?», – деп жазды Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында.
Айта кету керек, «Орел и Решка» бағдарламасы соңғы рет Нұр-Сұлтан қаласында болған. Ол кездегі эфир жүргізушілері Анастасия Ивлеева мен Антон Птушкин еді.
2013 жылы түсірілім тобы Алматы қаласында болған. Ол кезде Анастасия Короткая мен Андрей Бедняков жүргізген.
«Орел и решка» — Украина телеарнасының саяхат туралы танымдық бағдарламасы.