25 сәу, 2020 сағат 17:00

Оралда төрт өзбекстандық азамат коронавирустан жазылып шықты

Оралда төрт өзбекстандық азамат коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардан алынған бақылау сынамасы таза екендігін көрсетті.

Төртеуінің де жағдайы қанағаттанарлық.

«Енді бұлардың екеуі өз жүк көлігімен еліне қайтатын болады. Екеуіне таксимен жету үшін қала әкімдігі арқылы рұқсат алынып берілді. Қалған 97 науқастың біреуі ауыр халде. 32-сі орта ауыр дәрежеде, қалғанынікі жеңіл өтіп жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

Осылайша Батыс Қазақстанда жазылып шыққандар саны алты адамға жетті. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 4 адамның жүк тасымалымен айналысатын Өзбекстан азаматы болып шыққанын, бүгін 1400-ге жуық адамның үйде оқшауланғанын жазған болатынбыз.