#
#
Сенбі 11/07/2020

Оралда құны 7 млрд теңге тұратын жылыжай кешені салынуда

  • 29.05.2020
  • 0
  • 405

Оралда құны 7 млрд теңге тұратын жылыжай кешені салынуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС 5 гектар аумақта аталмыш кешенді нидерландылық технология негізінде тұрғызуда.

Жылыжай жылына 3 мың тонна көкөніс өндіре алады. Кешен іске қосылған кезде 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаевтың айтуынша, кешеннің құрылысы негізінен бітіп тұр. 

«Кешеннің құрал-жабдықтарын шетелдік мамандар келіп орнатуы керек. Әзірге олар коронавирус індетіне байланысты келе алмай отыр. Жылыжай кешенін қыркүйек айында пайдалануға беру көзделуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Құланбаев. 

Айта кетейік, әкімдік деректеріне қарағанда, ауыл шаруашылығы саласында тағы бір ірі инвестициялық жобаны «Кублей» ЖШС қолға алды. Мұнда ауысымына 600 дана ірі қара мен ұсақ мал терісін өңдейтін цех құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаның құны – 700 млн теңге.

Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 4,3 млрд теңге несие көздеріне қол жеткізді. 

Төрт айдағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 27 млрд теңгені құрады. Салаға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 1,4 есеге артық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 516 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілгенін жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар