#
#
Бейсенбі 16/07/2020

Оралда бірнеше бағыттағы автобустың қозғалысы тоқтатылды

  • 04.06.2020
  • 0
  • 201

Оралда 4 маусымнан бастап бірнеше бағыттағы автобустың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмас Ахошевтің айтуынша, №3 Меловые горки – Плодоовощной, №35 Жайық өзені жағалауы – Д.Қонаев шағынауданы және №10 Базар – Подхоз бағыттарында қатынайтын автобустарда санитарлық талаптар сақталмаған.

Аталған автобустарда жүргізушілер мен кондукторлар бетперде мен қолғап кимей жұмыс істеген. Автобус салондарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмеген.

Сондай-ақ жолаушылар тарапынан да санитарлық талапты сақтамау жиі кездеседі.

«Мұндай жұмыстар жалғасады. Бөлім мамандары автобустардың санитарлық талапқа сәйкестігін күн сайын тексереді. Егер бұл талаптар сақталмаса, басқа бағыттағы автобустар қозғалысын да тоқтатуға дейін тиісті шаралар қабылданады», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Ахошев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар