03 мам, 2021 сағат 12:32

Оңтүстік Кореядағы еңбек мигранттарына қатысты мәселе қалай шешілмек?


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оңтүстік Кореяға Қазақстаннан барған заңсыз еңбек мигранттарына қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, биыл сәуір айында Мәжіліс депутаттары Кореядағы қазақстандық еңбек мигранттары туралы мәселе көтерді.

«2014 жылғы 29 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы келісім қолданысқа енді. Келісімге сәйкес екі елдің азаматтары туристік, жеке, іскерлік, мәдени және медициналық мақсаттармен Тараптар аумағына визасыз барады және онда 30 күнге дейінгі мерзімде бола алады. Сонымен бірге, жұмысқа орналасуға, оқуға, тұрақты тұруға және миссионерлік қызмет атқаруға баратын Тараптардың азаматтары үшін визалық талаптар сақталады. Алайда, ҚР азаматтарының басым бөлігі осы жеңілдетілген тәртіпті Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеу мақсатында асыра пайдалана бастады. Атап айтқанда, ҚР азаматтары Кореяның мемлекеттік шекарасынан өткен кезде келу мақсатын турист ретінде көрсетіп, елде заңсыз жұмысқа орналасуда», - деп жазды М. Тілеуберді өз жауабында. 

Министрлік мәліметінше, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Оңтүстік Корея аумағында заңсыз еңбек мигранттары ретінде жүрген қазақстандықтардың саны - 8902 адам (2019 жылы – 10 707 адам, 2018 жылы – 11 413 адам).

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының 2020 жылғы 10 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, Корея Республикасының шетелдік еңбек күштерін маусымдық жұмысқа тарту бағдарламасына (The Seasonal Worker) сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) әзірлеген корей тарапының Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяның ауыл және балық шаруашылығы саласына маусымдық жұмыстарға тарту жөніндегі ұсынысы осы елдің тиісті мекемелері мен жергілікті провинцияларының әкімшіліктеріне қарастыруға жолданды.

Алайда, Оңтүстік Кореяның уәкілетті органдары аталған ұсынысты іске асыруға қызығушылық танытпады. Бұл шешімнің басты себебі - «Covid-2019» індетінің өршуіне байланысты енгізілген карантиндық шектеулер және қазақстандықтардың кәсіптік икемділігі аталған бағдарламаға енгізілген салаларға (теңіз балық шаруашылығы, күріш өндіру саласы және т.б.) сай келмеуі. 

«Мен 2020 жылғы 25-26 қараша аралығында Сеул қаласында «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының 13-ші отырысы аясында Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрімен болған келіссөздер барысында кореялық Еmployment Permit System – EPS («Еңбек рұқсаттары жүйесі» - ЕРЖ) шетелдіктерді жұмысқа орналастыру жүйесіне қосылу мәселесін көтердім және корей тарапы оған жалпы қарсылық білдірмеді. Аталған ЕРЖ-ге қосылу үшін Кореяның жауапты мемлекеттік мекемелері Қазақстанның тиісті мемлекеттік органымен (ҚР ЕХӘҚМ) жұмыс күшін жалдау туралы негіздемелік келісім жасасуы тиіс. Кореялық тараптың негізгі талабы - Қазақстан Оңтүстік Кореяға еңбек мигранттарын жіберумен айналысатын арнайы мемлекеттік мекемені құруы қажет», - жеп жауап берді Үкімет басшысының орынбасары. 

Қазіргі таңда ҚР Президенті Әкімшілігінің тиісті тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет келесі ұсыныстарды қамтыған Жол картасын әзірлеуде:

1) ЕХӘҚМ жанынан Көші-қон комитетін құру;

2) ЕХӘҚМ платформасында көші-қон ағынын реттеу жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеу, қазақстандық және шетелдік еңбек мигранттарына қатысты барлық ақпараттық жүйелерге тиісті ықпалдастыруды жүргізу;