09 қаз, 2020 сағат 05:22

Оңтүстік Кореяда көк тіреген зәулім үй отқа оранды

Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында көк тіреген зәулім үй отқа оранды. Өрт салдарынан 88 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, коммерциялық нысандар орналасқан тұрғын үйдегі өрт 8 қазанда шамамен сағат 23:00-де басталған.

Ауруханаға жеткізілгендердің жеңіл жарақат алғандықтары, түтінге уланғандары тіркелген. 

Эвакуацияланған тұрғындардың кейбірі отельге уақытша орналастырылды.