23 мам, 2020 сағат 09:24

Оңтүстік Корея карантин талабын сақтамаған 17 шетелдікті депортациялады

Жұма күні Кореяның Әділет министрлігі Оңтүстік Кореяда оқшаулау ережесін сақтамаған тағы бес шетелдікті елден шығарып жіберді, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Қытайдың екі азаматы пен Пәкістан, Польша және Ұлыбританияның үш азаматына Сеулде жаңа коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында жарияланған міндетті оқшаулану режимін бұзғаны үшін елдеріне қайту міндеттелді. 

Министрліктің мәліметінше, депортациялау туралы өкімге қосымша, Оңтүстік Кореяға 1 сәуірден кейін келіп, мұндағы оқшаулау тәртібін бұзған шетелдік бес азаматтың үшеуіне айыппұл салынған. 

Міндетті карантин шарасы бойынша, шетелден келетін барлық корей, шетелдік азаматтар үйінде немесе үкіметі белгілеген орындарда 14 күн карантинге алынуы тиіс. Екі апталық оқшаулау режимінен бас тартқан шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынған, ал ережелерді бұзғандар айыппұл төлеп, елден кетуі тиіс.

Карантин ережесін сақтамағаны үшін Оңтүстік Кореядан 17 шетелдік азамат депортацияланды. Шетелдік жеті азаматтың оқшауланудан бас тартқаны хабарланады. Осылайша, Оңтүстік Кореядан депортацияланған шетелдіктер саны 24 адам болды. 

Министрлік тағы тоғыз шетелдік азаматтың карантин режимін абайсызда бұзғаны үшін ұсталғанын мәлімдеген. Оларға айыппұл төлетіліп, елде қалуға рұқсат етілді.