26 қаң, 2021 сағат 09:51

Өңірлердегі ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады

Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағлымдамаға жіберу ұйымдастырылады» - деді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, жас ғалымдарға 1 мың грант бөлінеді. 

«Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру бойынша жоба іске асырыла бастайды», - деді ҚР Премьер-Министрі.