Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы ресейлік Альберт Батырғазиев Маңғыстау облысының әкімінен құттықтау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада"порталына сілтеме жасап.
Спортшының ата-анасы 90-жылдары Жаңаөзенде тұрған. Олардың алғашқы балалары қазақ жерінде дүниеге келген. Ал болашақ чемпион 1998 жылы 23 маусымда Дағыстандағы Геметюбе ауылында дүниеге келген.
Облыс әкімі Серікбай Трұмов Маңғыстау жұртшылығы атынан оларға құттықтау жолдады.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Олимпиаданың алтын жүлдегері, Ресейдің төрт дүркін чемпионы күн сайын жоғары деңгейдегі кездесулерге, қабылдауларға қатысады. Дегенмен жұмыстағы үлкен жүктемеге қарамастан, ол маңғыстаулықтарға жылы құттықтаулары үшін алғыс айтты.
Бұған дейін Желіде Альберт Батырғазиев барлық қазақстандыққа сәлем жолдап, өзінің отбасы туралы баяндаған видео жарияланған.