Токио Олимпиадасының ұйымдастырушылары баскетболдан финалдық матчтың үзілісінде көрерменге шоу көрсетті.
Шоудың басты кейіпкері - робот Кью. Ол баскетбол ойнаудан нағыз шеберлік сағатын көрсетті.
Допты бір орнынан да, секіріп те, жақыннан да, алыстан да лақтырып, бірінен соң бірін дөп түсірді.
Келешекте алаңға темір, пластик және полимерден жасалған спортшылар шығатыны анық.
Бүгінде бұл тек шоу болса, болашақта шындыққа айналуы әбден мүмкін. Атлеттер емес, робот құрастырушылары сынға түсетін кез алыс емес.