#
#
Дүйсенбі 23/11/2020

«Оқуға құштар мектеп»: Бес жылда мектеп кітапханаларындағы әдебиет жаңартылады

  • 30.10.2020
  • 0
  • 125

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев «Оқуға құштар мектеп» жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде біздің зерттеу бойынша, жалпы мектеп кітапханалары қорында 200 млн астам әдебиет бар. Оның ішінде 38 млн – көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі. Дей тұрғанмен, бұл басылымдар сапасына мән берер болсақ, 80-90 жылдардың аяғында шыққан көркем әдебиеттер, оның 20-30 пайызы жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты шұғыл түрде мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтыру мәселесі арнайы жол картасында көрсетіліп отыр», - деді Ғ. Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға бес жыл уақыт қажет. Бес жылда барлық мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтыру көзделген. 

«Әр жыл сайын мектеп кітапханалары 20 пайызға көркем әдебиетпен толығып отырады. Бұл толықтыру тізімі төрт бағытта жобаланып, белгіленіп отырады, оның ішінде бірінші кезекте отандық классиктердің үздік туындылары, екіншіден қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің тізімі және заманауи ақын-жазушылардың үздік шығармалары енеді. Сондай-ақ, түрлі анықтамалықтар, ғылыми-көпшілік басылымдар мен оқу-әдістемелік құралдармен жасақталады. Әдебиеттер тізімін бекіту бес түрлі іріктеуден өтеді. Ең соңғы тізімді бекіту процесі арнайы жасақталған комиссия арқылы іске асырылады. Бұл комиссия осы мектепке кіретін бес мыңға жуық атауы бар көркем әдебиет тізімін қалыптастырады», - деп түсіндірді Ғ. Бейсембаев. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар