#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Өкпе қабынуымен ауруханаға түскендер қатары азаймады – дәрігер

  • 08.07.2020
  • 0
  • 240

Ақтөбе облысы бойынша 2 мыңнан астам адам пневмониядан емделіп жатыр. Бір тәулікте 100-ге жуық адам емдеу орнына жеткізілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірде пневмонияға байланысты жағдай әзірге күрделі. Бірақ жергілікті атқарушы орган бәрін бақылап отыр.

«Өкпе қабынуы дертіне шалдығып, ауруханаға түскендер саны азаймады. Бірақ өсім де жоқ. Бәрі тұрақты. Өткен тәулікте 98 адам жатқызылды. Дәлірек айтсақ, Ақтөбе облысы бойынша 2 649 науқас ем алып жатыр, оның 761-і амбулаторияда. Аудандарда 618 науқас тіркеліп тұр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Алдағы айларға жоспарланған антибиотиктер жеткізілді», - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.

Айта кетейік, өңірде 46 рентген аппараты бар. Оның 18-і провизорлық стацонарда тұр.

«Кезек бар, ол мәселені біліп отырмыз. Жылжымалы кешен жұмысын бастады. Бұл сұранысты толық қамтып, қызмет көрсету сапасын арттырады деп ойлаймыз», - деді Әсет Қалиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар