01 қаз, 2018 сағат 17:54

Обыр ауруын зерттеушілер медицина бойынша Нобель сыйлығын иеленді

Обырға қарсы иммундық терапияның жаңа әдістемесін жасап шығарған екі иммунолог дәрігер - американдық Джеймс Аллисон мен жапондық Тасуку Хондзё Нобель сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Аллисон и Хондзё баяулату түрлі стратегияларының обырды емдеу кезінде қалай қолданылатынын көрсетті», - деп мәлімдеді Нобель ассамблеясы Швецияның Karolinska институтында. Мұнда сыйлық лауреаттарына 9 миллион швед кронасы ($1 миллион) тағайындалды.

Қос лауреат адам ағзасы мен оның иммундық жасушаларында ісіктің пайда болуының алдын алатын протеиндерді зерттеген.

Жыл сайын медицина саласындағы сыйлық ең бірінші беріліп, Нобель апталығын ашып отырады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсан күні, Нобель сыйлықтарының негізін қалаған швед кәсіпкері әрі өнертапқыш Альфред Нобель (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.