Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов АҚШ-тың Майами қаласында кәсіби бокстан кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің кәсіби бокста рингке шықпағалы біраз болды. Себебі емделдім. Қазір бәрі қалпына келді, өзімді жақсы сезінемін. Осы орайда қуанышты хабармен бөліскім келеді. Жуырда менде жекпе-жек болады. Бокс кеші алдағы 20 ақпанда Флорида штатының Майами қаласында өтпек. Қарсыласым колумбиялық Джонатан Терес деген боксшы. Бұйырса Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлайтын боламын», - деді Д. Нияз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен онлайн өткен баспасөз мәслихатында.