21 қыр, 2020 сағат 04:50

Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

Нью-Йоркте метро пойызы жолға тасталған белгісіз затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен. Бұл туралы abc телеарнасы хабарлады.

Келеңсіз жағдай Манхэттеннің Челси ауданында жексенбі күні таңертең, шамамен 08:15-те болған.

135 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. 

«Солтүстікке бағыт алған пойыз 14St-8th Av станциясынан шыққан бетте пойыз жол полотносында жатқан затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен», - деп мәлімдеді Нью-Йорк қаласы Көлік басқармасының уақытша басшысы Сара Файнберг. 

Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа байланысты 30 жастағы үйсіз адам ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол метродағы жолға қоқыс тастаған.