15 қаң, 2021 сағат 15:05

Нью-Йоркте апатқа ұшыраған автобус эстакадаға ілініп қалды

Нью-Йорктегі Бронкста жалғаспа-автобус эстакададан ұшып кетіп, оның алдыңғы бөлігі жерде, артқы бөлігі эстакадада қалған, деп хабарлайды ABC News.

Шамамен 7-8 адам жарақат алған. Бәрінен қатты зардап шеккен – автобус жүргізушісі, оның жағдайы ауыр.

Жол апаты Кросс Бронкс және Юниверсити даңғылының қиылысында болған. Автобус магистральдағы қоршауды сындырып өткен. Жалғаспа-автобустың «гармошка» тұсы бөлініп, эстакаданың астынан өтетін асфальтқа дейін жеткен. Биліктің айтуынша, автобус құлаған биіктік 15 метрден асқан.