24 шіл, 2020 сағат 12:25

Нұртөре Жүсіп: Айуанды атуға болады!

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Сәтбаевтағы оқиғадан кейін педофилдарды ату керек деп отыр. Бұл туралы сенатор facebook-тегі парақшасында жазды.

Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айрылған адамды біздің қазақ "айуан" дейтін… Жалғыз Сәтбаев қаласында ғана емес, республика көлемінде педофил көбейді. Бұл – айуандар көбейгенін аңғартады. Құтырған иттің өзін атып тастаймыз! Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?! Айуанға "адам құқығы" деген мүсіркеумен қарауға болмайды, – деп жазды Нұртөре Жүсіп.

Айта кетейік, 23 шілде күні кешкі сағат 9-да Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласының ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түскен. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылған. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды.