Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғұсман Жакин елордадағы блокпостардан кімдердің өте алатынын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазіргі таңда астанада әлі де 6 блок-пост жұмыс істеп тұр. Олардан төмендегі азаматтар өте алады:
- қала өміріне қатысты ұйымдарда еңбек ететін жұмысшылар;
- төтенше жағдай режимінен кейін жұмысы жанданған жұмыс орындарының қызметкерлері;
- саяжай аумағына және қала шетіндегі үйлерге бара жатқан адамдар;
- медициналық анықтамасы мен рұқсатнамасы бар адамдар;
- көктемгі егіс жұмыстарына бара жатқан адамдар;
- Целиноград, Аршалы, Шортанды, Қорғалжын ауданының тұрғындары;
- басқа аймақта тіркелген, алайда карантин аумағынан шығып бара жатқан азаматтар (блокпостта қажетті құжаты толтырылғаннан кейін);
- кісі жерлеуге кетіп бара жатқан адамдар (бес адамнан, екі көліктен артық емес);
- шет мемлекеттердің азаматтары;