18 мам, 2020 сағат 08:38

Елордада санитарлық норманы бұзған құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер жабылды

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды. Оның ішінде құрылыс компаниялары, азық-түлік сатпайтын дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар және басқа нысандар бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. 

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылған. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.