10 там, 2022 сағат 13:08

Нұр-Сұлтанда ҚТЖ департаменті директорына қатысты сот үкімі шықты


Нұр-Сұлтанда заңсыз сыйақы алу дерегі бойынша ҚТЖ Жол және құрылыс департаменті директорына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2022 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты заңсыз сыйақы алу дерегі бойынша Жол және құрылыс департаментінің директоры Т-ға қатысты айыптау үкімін шығарған.

"Тергеу барысында сотталушы Т. департамент директоры және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріле отырып, өзінің қызметін жүзеге асыру барысында танысы Ш-ны жол дистанциясының басшысы лауазымына тағайындау туралы өтініш білдірген және кейіннен оған жалпы қамқорлығын көрсетуді жалғастырған деген айып тағылған.

2018 жылғы тамыз бен 30 қазан аралығында Т. жалпы қамқорлығы және қызмет бабында соңғысының мүддесінде бетімен кеткені үшін Ш-дан 5 300 000 теңге жалпы сомасында пара алған (ҚК-ның 366-бабы 2-бөлігі)", - делінген хабарламада.

Т. сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектісіне жатпайды, өйткені ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам емес.

"Сотта Т-ның бірнеше рет ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алғаны дәлелденген, сондықтан оның әрекеттері қылмыстық кодекстің 247-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды. Сотталушының кінәсі жедел-іздестіру іс-шаралары және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген", - делінген хабарламада.

Үкім тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайды – жас балалардың болуын ескерді. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

"Сот Т-ны бірнеше рет жасалған ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп таныды және оған 1 жылға бас бостандығынан айыру, экономикалық қызмет саласында 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот ҚК-нің 52-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын қолданып, Т-ның жеке басын, оның іс-әрекетінде жасаған ісіне өкінбеуін, қылмыс жасағанға дейін және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын назарға ала отырып, онша ауыр емес қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінің 1/2-нен аспайтын жаза тағайындауды көздеді.

ҚК-нің 62-бабына сәйкес жазаны өтеу уақытын есептей отырып, Т-ның қамауда болу мерзімі 2021 жылғы 14 шілдеден 2022 жылғы 10 тамызға дейін санап, яғни ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеудің екі күні үшін қамауда ұстаудың бір күні есебімен сот тағайындалған жазаны өтелді деп санауға және оны сот залынан босатуға міндетті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сотталған адамды ұстау кезінде алынған 3 840 000 теңге және табылмаған заңсыз сыйақы заты мемлекет кірісіне тәркіленгені айтылды.