27 мау, 2020 сағат 10:55

Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды

Елордада коронавирус жұқтырған 1959, 1947, 1943, 1954 және 1955 жылдары туған ер азамат және 1976, 1942 және 1948 жылдары дүниеге келген әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 158 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 53

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 8