Елордада 28-30 тамыз аралығында жүгіру мен веложарыстан онлайн сайыс өтеді. Жарысқа қатысушылар өздеріне қолайлы уақытта қатыса алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жарыстардың ерекшелігі - барлық қатысушылар Strava арнайы қосымшасын қолдануы керек. Бұдан басқа, жарысқа қатысушылар өздеріне қолайлы кез келген уақытта 06:00-ден 21:00-ге дейін қалаған қашықтықты бағындыра алады. Ұйымдастырушылар жарыс өтетін саябақты таңдау құқын қатысушыларға береді.
Қатысу шарттары:
1. Нәтижелерді бақылау үшін Strava мобильді қосымшасына тіркелу.
2. sport.otdel.16@inbox.ru электронды поштасына төмендегі ақпараттарды жіберу қажет:
- Аты-жөні;
- Strava бағдарламасындағы шоттың атауы;
- электронды мекен-жайы.
3. Барлық сақтық шараларды сақтай отырып, маршрутты алдын ала дайындау керек. Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Әр қатысушы өз денсаулығына жауапты. Әр адам жарыстың қашықтығы мен уақытын өз бетінше таңдайды.
Қала көшелерінің, даңғылдарының жүру бөлігіне шығуға қатаң тыйым салынады.
4. Нәтижені түзету үшін телефонға, сағаттарға немесе білезікке Strava бағдарламасын қосуды ұмытпаңыз.
5. Жүгіргеннен кейін Instagram парақшасында өз нәтижеңізбен бірге бейне есеп жариялап, @sport_nursultan @elordasport парақшаларын өз қашықтығыңыздың хэштегімен белгілеңіз #онлайн5км, #онлайн10км, #онлайн15км, #онлайн25км.
«30 тамыз күні сағат 22:00-ге дейін Instagram-да жарияланған видео мен нәтижелер қорытындыланады. Сондай-ақ, әр қатысушы қашықтық аяқталғаннан кейін WhatsApp-та тіркеуден өткен нәтижені ұсынуы керек. Әр қатысушының уақыты жеке тіркеледі», - делінген дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.
Жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы жеңімпаздарға жүлделер мен медальдар табысталады. Барлық қатысушылар туу туралы куәліктерімен немесе жеке куәліктерімен тіркеуден өтеді.
Қатысушылар үшін байланыс нөмірлері төменде келтірілген:
1. Әуесқой жүгіру-WhatsApp
18 жас және одан жоғары, Еділ тел.: 8 775 947 22 79
2. Ардагерлер жүгірісі-WhatsApp
40 және одан жоғары, Думан тел.: 8747 619 15 55
3. Әуесқой велошеру-WhatsApp
18 жас және одан жоғары, Нұрлы тел.: 8771 166 03 06
4. Ардагерлер велошеруі-WhatsApp
40 және одан жоғары, Ерлан тел.: 8701 909 66 77